АТЫРАУЛЫҚТАР АФРИКАЛЫҚ ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА АУЫЗАШАР БЕРДІ

Атырау облысы Мақат ауылының жастары қасиетті Рамазан айында Африка балалар үйінің жетім балаларына арнап қайырымдылық дастархан жайды.

Африкадағы мұсылмандар үшін ауызашар жүргізетін қор, Африка ауылдарының біріндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған кешкі асты ұйымдастырды. Қайырымдылық кешінің ақшасын Атырау облысы Мақат ауылының тұрғындары аударған, деп жазады “Мақат тынысы” басылымы.

Дастархан 60 балаға жайылған. Балалар бейнетаспаға түсіру арқылы батысқазақстандықтарға қайырымдылық шарасына алғыстарын білдірді.