ҚҰРАНҒА ТҮСКЕН ШӘКІРТТЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ тарапынан бастау алған “Бір айда Құранға түс” атты шара аясында Абай облысы өкілдігі діни білім беру курстарын ұйымдастыруда. Аягөз қалалық мешіті жанындағы діни сауат ашу орталығында да қасиетті Рамазан айы құрметіне «Бір айда Құранға түс» атты шәкірттер арасында Алла сөзін түпнұсқасынан оқып үйрену курсы өткізілген болатын. Қасиетті Алла сөзі – Құранды оқып үйренген шәкірттерге мешіттің бас имамы Алмас Айткәрімұлы сертификат пен кітаптарды сыйлыққа табыстады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендерден біреу Раббысына мінәжат пен Оған жалбарынып, онымен тілдесуді жақсы көрсе, шын жүрегімен Құран оқысын» – десе, тағы бір сөзінде «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің» – деген. Алла Тағала баршамыздың білімімізді арттырып, елімізге, жерімізге, дін мен ділімізге аянбай қызмет етіп, пайдалы да салиқалы момын-мұсылман болуды нәсіп етсін! Әмин!