ЗІЛЗАЛАДАН КЕЙІН МЕШІТКЕ БАРУШЫЛАР САНЫ КӨБЕЙГЕН

Түркияның оңтүстігіндегі Мерсин қаласында өткен жұма күні мешітке адам сыймай кетті. Қалада құлшылық үйлерінің көптігіне қарамастан жұма намазына келген жұрт ішке сыймай, көбі ашық аспан астында парызын өтеген.

Мұндай жағдайды қаланың қарт адамдары да көптен көрмегенін айтуда. Түрік журналистерінің жазуынша, елдің басқа қалаларында да мешітке ағылушы халық санының артқаны байқалған. Мұның бәрі күні кешегі жойқын зілзаланың салдарынан болып жатқан өзгерістер екені айтылуда.

“Басы ауырмағанның Құдаймен ісі жоқ” демекші, басқа түскен қайғы-қасірет адамдарға Құдайды естеріне салып жатыр.