Абай облысы «Зекет және қайырымдылық» қоры мен “Әйел-қыздар” секторы Рамазан айының қарсаңында Семей қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы медициналық-әлеуметтік мекемесіне барып қарттарға құрмет көрсетті. Қайырымдылық шарасы барысында арнайы концерт қойылып, қарияларға сый-сыяпат үлестірілді.
“Мақсатымыз – осында тағдырдың айдауымен келген қамкөңіл аталар мен әжелердің бір сәт болса да көңілін жадырату. Жастар қариялармен сөйлесті, сырласты, көңілде жүрген айтар ойларын тыңдады. Қариялар жастарды жібергісі келмеді. Келіп тұруларын өтінді. Мұндай кездесулер жастарды мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелейді”, – деді “Зекет және қайырымдылық” қорының жетекшісі Рашид Бейсов.
Қазіргі таңда аталған мекемеде 90-ға жуық қария мамандардың бақылауында.
Пікір қалдыру