АҚТОҒАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Аягөз ауданына қарасты, Ақтоғай бекеті, «Мәнсул» мешітімен бірлесіп аудандық мәслихат депутаты Жанар Есмухамедқызы және қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл белсенділері Рамазан айының соңғы он күндігінде қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Көршілес Қопа ауылы және Ақтоғай кентіндегі мұқтаж отбасыларына азық – түлік, күнделікті тұрмысқа қажетті азықтарды 40 отбасына және сонымен қатар 13 отбасына қаржылай жәрдем берді. Ауыл халқы қасиетті айда қайырымдылық жасаушыларға алғыстарын білдірді.