Абай облысы “Әйел-қыздар” секторы мен “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды. Рамазан айының құрметіне орай жайылған қайырымдылық асқа 30-дан астам қонақ шақырылып, дәм татты.
Игі шара барысында “Әйел-қыздар” секторының жетекшісі Данагүл Төлегенқызы жиналған жандарға уағыз атса, Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Рамазан айымен құттықтады.
Жиын соңында аналар мен балалар шынайы ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Пікір қалдыру