ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясы аясында кезекті баспана семейлік имамға берілді.
Абай облысына арнайы іс-сапармен келген «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиұлы қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған игі бастамада 631-үйдің кілтін «Тыныбай» мешітінің наиб имамы Қуаныш Файзоллаұлына табыстады.
Айта кетейік, берекелі айдағы «30 күнде 30 баспана» акциясы «Ел үлесі – пәтерге» республикалық жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде өткізілуде.
Пікір қалдыру