АЯГӨЗ: “РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ” ҮЛЕСТІРІЛДІ

Берекелі Рамазан айының қасиетті жұмасында Аягөз орталық мешіті “Рамазан қоржыны” қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, 30 жанұяға азық-түлік салынған қораптарды таратты.

“Қасиетті Рамазан айында жүрек жылуын ұсыну, қолғабыс жасап, мейірімділік таныту, сауапты істе жарысу мен болысу – әрбір адамның азаматтық парызы.”, – деді Аягөз ауданының бас имамы Алмас Айткәрімұлы.

Мейірімге бөленген жандар ризашылық пен ізгі тілектерін білдірді.