ЖАМАҒАТ АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Абай облысында жамағат арасында Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа айтудан байқау өткізілді. Сайыс жылдағы дәстүр бойынша Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылып, Абай Құнанбайұлы орталық мешітінде 25 адам сынға түсті.

Сайысқа мешіт шәкірттері, құран жаттаған жамағат қатысып екі дүниенің бақытына апарар Алла Тағаланың сөзін жүрекке жеткізе оқыған шәкірттер мешіт ішін ерекше әуенге бөледі. Қатысушылардың білімдерін сараптауда Яхия қари Құрбан, “Абай Құнанбайұлы” мешітінің наиб имамы Ерлан Омаров, орталық мешіттің ұстазы Нугуман Ералы қари және “Хәкім Хазірет” мешітінің наиб имамы Рүстемұлы Арман қари төрелік етті.

Жарыс қортындысына сәйкес:

I орын – Семей қалалық Қос мұнаралы мешітінің шәкірті Батыр Фархатұлы (100 000 тг)

II орын – Үржар ауданың жамағаты Диас Русланұлы (75 000 тг)

III орын – Тыныбай мешітінің шәкірті Архат Мейрамбекұлы (50 000 тг)

ІV орын – Әбу-Бәкір Сыддық мешітінің шәкірті Исмаил Талғатұлы (бағалы сыйлық)