АЙТ МЕРЕКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ОЙНАТЫЛДЫ

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешіті ораза айт күні жамағат арасында ұлттық ойындарды ойнатты. Айт намазына жиналған көпшілік қол күрестіріп, гир тасын көтеруден және арқан тартыстан бақ сынасты. Топтың арасынан үздік деп танылғандарға алғыс хат табысталып, 9йымдастырушылар айт мерекесімен құттықтады.