“АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ” МЕШІТІНДЕ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

Бүгін – мұсылман үмбеті үшін қадірлі саналатын қос мейрамның бірі Ораза айт мерекесі.  Атаулы мереке қарсаңында “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешіті айт намазын өткізіліп, облыстың бас имамы Асқар Әбітайұлы жиналған жамағатқа ораза айттың мән-мағынасын түсіндіре келе өз тілегін жеткізді.

Кейін ораза айт намазынан шыққан жамағатқа мешіт ауласында спорттық ойындар ұйымдастырылып, жүзден жүйрік шыққандарға алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, көпшілік арнайы жайылған киіз үй дастарханына жайғасты. Қариялар қауымы бата-тілегін білдірсе, жастар бір-біріне сыйлықтар таратып мерекені көтеріңкі көңіл күйде қарсы алды.