Аягөз ауданы ҚМДБ тарапынан «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты «Қамқор – шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы ұйымдастырған зират басын тазалау, ретке келтіру іс – шарасына атсалысып, барша мешіт қызметкерлері жамағатпен бір адамдай шығып, тазалық жүргізді. Өйткені: «Тазалық иманның жартысы» – дегендей, қабыр басы бір ізділікке келіп, заман талабына сай, таза болуы арттағы ұрпақтың міндеттерінің бірі. Тазалық алдағы уақыттарда да жалғасын таппақ.
Пікір қалдыру