АЯГӨЗ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ИМАМ МОЛДАЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

Аягөз қалалық мешітінде ауданға қарасты ауыл мешіттерінің имам – молдаларының кезекті басқосу жиыны өтті. Аудан имамы Алмас Айткәрімұлы алғашқы тоқсандағы және қасиетті Рамазан айындағы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы атқарылар іс-шараларды пысықтап өтті. Ауыл имамдарына имамның келбеті, мешіт тазалығы, құжаттар, сонымен қатар алда кезең – кезеңмен білім жетілдіру жайы да сөз болды. Ауыл имамдары көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.