АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРҒА САПАРМЕН ШЫҚТЫ

Аягөз ауданына қарасты кейбір ауылдық мешіттерде маман тапшы. Осы мәселе бойынша аудан имамы  Алмас Айткәрімұлы Малкелді ауылдық “Төлеу Күшігенұлы” атындағы мешітке арнайы барып, мешіттің жай-күйімен танысып, ауыл әкімімен кездесті. Ауыл әкімі Мақсат Ғылымбекұлы бас имамға алдағы уақытта ауыл мешітіне келетін маманға баспана және жалақы мәселесімен барынша қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.  Келесі  Абай ауданымен шекаралас Байқошқар ауылына іс сапармен болды. Біраз уақыт бұрын намазхана болып тіркелген мешіттің жағдайы көңіл көншітпейді. Осы ауылға жақын орналасқан екі ауылдық мешіттің имамдарына аудан имамы жуық арада намазхананы реттеп, дұрыс қалыпқа келтіруді тапсырды.