ЕРІКТІЛЕРДІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ДАЙЫНДАУ ПОЛИГОНЫ АШЫЛДЫ

«Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітінде еріктілерді төтенше жағдайларға дайындайтын полигон ашылды. Бұл «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен қолға алынып отыр. Ашылу салтанатына қордың директоры Мақсатбек Қайырғалиев пен  ТЖД мамандары арнайы қатысты.

Қазіргі таңда орталық мешіт ішінен ашылған полигон алғашқы көмекке қажетті заттармен толықтырылу үстінде. Алдағы уақытта еріктілерге тұрақты түрде семинар өткізіп отыру жоспарланған.