ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұйымдастырылған «Имани жаз – 2023» жазғы сауат ашу курсы аяқталып, мешіт шәкірттеріне сертификаттар табысталды.
Аталған жазғы курс Абай облыстық «Абай Құнанбайұлы» орталық мешітінен бастау алып, қалалық, аудандық мешіттерде жалғасын тапты.
Курс барысында білікті ұстаздар дәріс беріп, шәкірттерге имандылық, адамгершілік құндылықтарымен қатар алғашқы сатылы діни білім үйретілді. Жалпы алғанда облыс бойынша 1000-нан астам бала тәлім алды. Соның ішінде 200 бала қасиетті «Құран Кәрімді оқу және жаттау» денгейіне жетті. “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен қыз балаларға тәж кию салтанаты өткізілді.
Одан өзге ата-аналар ұстаздар мен жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ендігі жылы асыға келетінін айтты. Сонымен қатар, Қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, айт тәттілері таратылды.
Пікір қалдыру