АЯГӨЗ: ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

Аягөз қалалық мешітіне қасиетті Құрбан айт намазына жамағат таңағарып атып келе жатқан уақыттан жинала бастады. Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Алмас Айткәрімұлы жамағатты құрбан айт мейрамымен құттықтап, құрбандық шалу, сауабы, тәртібі жайында уағыз – насихат айтты. Айт намазы оқылып, мешіт ауласында айт құрметіне жасалған дәм күріштен жамағат ауыз тиді. Сонымен қатар Алла елшісінің сүннеті садақ ату, нысананы көздеуден жастар арасында сайыс өткізілді.