“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

Абай облысы бойынша қала-ауыл мешіттері мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына орай қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Қайырымдылық акция барысында 650-ден аса балаға мектеп сөмкесі мен қажетті оқу құралдары үлестірілді. Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізілді. Игі іс-шарада  ҚМДБ Абай облысы бойынша оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі Ерлан Досымұлы оқушыларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, білім алудың маңыздылығы жайлы насихат айтты.

«Қазір жақсы оқыған адам ғана бәрінен озады. Сондықтан оқуда озат болып, білім алуға ден қойыңыздар. Алла Тағала сіздердің, балаларымыздың болашағын жарқын етсін» деді.

Акция тамыз айының соңына дейін барлық аудандық мешіттер жалғасады.