Үржар ауданына арнайы іс-сапармен барған Асқар Әбітайұлы таяуда қолданысқа берілетін қайырымдылық мекемесімен танысты. Мұнда отыз бес шәкірттің орналасуына қолайлы жағдай жасалған. Оқу бөлмелері, заман талабына сай техникамен жабдықталған асханасы мен футбол алаңы да бар.
“Мекемеде шәкірттердің жан-жақты білім, тәлім-тәрбие алуы үшін қолайлы жағдайдың барлығы жасалған. Мақсатымыз – отаншыл, иманды, білімді жастар санын арттыруға үлес қосу”, – деді қайырымдылық мекемесімен таныстырған Үржар ауданының бас имамы Мәди Мұхтанов.
Айта кетейік, аталған қайырымдылық мекемесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Пікір қалдыру