БАС ИМАМ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы мен  ҚМДБ РАНТ тобының мүшесі Жанболат Жұматұрұлы Аягөз қалалық Политехникалық колледж студенттерімен кездесті.  «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында өткен семинарда жанұя жылулығы, ата-анаға құрмет, ұстазбен қарым-қатынас сынды мәселелер қамтылды.

“Дінімізде үлкенді құрметтеу – Алланы ұлықтаудың бір түрі. Пайғамбар (с.а.у.) бір хадисінде: «Ақ шашты, ақ сақалды мұсылман қарияны ізет тұту – Алланы ұлықтаудың бір түрі», – деген. Расында, дінімізде Алла Тағаланы ұлықтау тек тілмен зікір ету немесе ертелі-кеш құлшылық етумен ғана емес, Алла разылығы үшін деп істелген әрбір игі іспен жүзеге асады. Ислам дінінің кереметтілігі міне, осыда жатыр”, – деді семинар барысында Асқар Әбітайұлы.

Кездесу соңында студент жастар өз сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.