ХАҚ ДІНГЕ ДАНАЛЫҚПЕН ШАҚЫР

«Көркем уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» атты аймақтық көшпелі семинар Аягөз қаласында да ұйымдастырылды.  Аягөз қалалық мешітінде өткен шараға ауданға қарасты мешіттердің имам-молдалары мен Мақаншы ауданының дін қызметкерлері қатысты.

Аягөз ауданына арнайы іс-сапармен барған Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы имамдар мен ұстаздарға бұл тақырыпты жан-жақты ашып, жамағатқа уағыз айту кезіндегі қажетті кеңестермен бөлісті. Сондай-ақ, уағызшының тұлғалық келбетіндегі «ықылас», «сенімділік», «жауапкершілікті сезіну» сияқты қасиеттердің және оның білімді болуы, тілінің тазалығы, дауыс ырғағы сынды қабілеттерінің маңыздылығына тоқталды.
Семинар соңында облыстың бас имамы жергілікті дін қызметкерлері тарапынан қойылған дін саласындағы өзекті әртүрлі сұрақтарына тұщымды жауап берді.