МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА 30 ТОННА КАРТОП ҮЛЕСТІРІЛДІ

Абай облысы “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға 30 тонна картоп өнімі үлестірілді. Нақтырақ айтқанда, 1500 қап картоп.

Мұқтаж отбасылардың тізімі қайырымдылық қорының ққабылдаған өтініштері бойынша жинақталған. Бұнда басымдық жалғыз басты, көп балалы жанұяларға және ерекше бала тәриелеп отырған отбасыларға берілген. Өз кезегінде жақсылыққа бөленген жандар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.