ҰСТАЗ РИЗАБЕК БАТТАЛҰЛЫ АБАЙ ЕЛІНДЕ

Абай еліне арнайы іс-сапармен келген исламтанушы-ғалым, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы мешіт жамағатымен жүздесті.

«Абай Құнанбайұы» орталық мешітінде құптан намазының уағызын жүргізген Ризабек ұстаз жиналған жамағатқа адамгершілік, ар-абырой, діни сауаттылық, ұлттық құндылықтарға құрмет тақырыптарында уағыз-насихатын жүргізді. Кездесу барысында жамағатты толғандырған сұрақтарға жауап берді.