ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін “Шәкәрім қажы” мешітінде имамдардың білімін жетілдіруге арналған семинар ұйымдастырылды. Қала және аудан-ауылдар мешіттерінің бас имамдары жиналған семинарды Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы мен өңірге арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ “Діни оңалту” бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов өткізді.

Семинар барысында Асқар Әбітайұлы имамның діни сауаттылыққа жіті көңіл бөлуі, көркем мінезділікті кеңінен насихаттау, имамның тұлғалық бейнесін қалыптастыру сынды тақырыптарды қозғаса, Хасан Аманқұлов жамағатқа уағыз айту кезіндегі қажетті кеңестермен бөлісті. Сондай-ақ, уағызшының тұлғалық келбетіндегі «ықылас», «сенімділік», «жауапкершілікті сезіну» сияқты қасиеттердің және оның білімді болуы, тілінің тазалығы, дауыс ырғағы сынды қабілеттерінің маңыздылығына тоқталды.

Келелі кездесу соңында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, семинар қортындыланды.