АЯГӨЗ АУДАНЫ: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӨЛЕҢ САЙЫСЫ

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылына орай Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай кенті, Мәнсүл мешітінің имамы Мұрат Жақсылықұлының ұйымдастырумен мектеп оқушылары арасында «Алаш көсемдері» атты тақырыпта өлең оқу сайысы өтті. Жоғары дайындықпен келген мектеп оқушылары мәнерлеп өлең оқумен шектелмей, өлең жолдарының мағынасын көрініс, слайдпен жеткізіп аша білді.

Сайыс жеңімпаздарын әділқазылар алқасы анықтап, тарих пәні ұстазы Дулат Бейсенбайұлы және тәрбие ісі меңгерушісі Әсем Қанапияқызы бағалады. Оза шапқан жеңімпаздар марапатталып, мақтау қағазымен сыйлықтар табысталды.

Ақтоғай мешітінің имамы Мұрат Жақсылықұлы шараның өтуіне атсалысқан №8 мектеп ұжымына алғыс білдірді.