ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ЖАУАПТЫ ЖАНДАРҒА ЫСТЫҚ АС ТАРАТЫЛДЫ

Абай облысында ауа-райының қолайсыздығынан туындаған келеңсіздіктерге байланысты «Зекет және қайырымдылық» қоры мен “Тыныбай” мешіті бірлесе қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. “Жылу сыйла” қайырымдылық акциясы аясында қордың жауапты мамандары Семей қаласының көше тазалығына жауапты жандарға ыстық ас үлестірді. Шара барысында 120-ға жуық жұмысшы қамтылды.

Қыстың суығы мен жаздың ыстығына да төзген коммуналдық қызметкерлер көмек қолын созған мешіт қызметкерлеріне алғысын жаудырды.