АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ БІЛІКТІ МАМАНМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бұл туралы Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы қасиетті күні жұма намазына жиналған жамағаттың алдында хабарлады. Асқар Әбітайұлы «Мешітіміз қаламыздағы білікті, білімді, тәжірибелі мамандардың бірімен толығып отыр. Бас мүфтидің бұйрығымен Астана медресесінің және Түркиялық Хасеки академиясының түлегі Қуаныш Файзоллаұлы Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешіттің наиб имамы қызметіне тағайындалып отыр. Алдағы уақыты өңіріміздің руханиятына бірге қызмет ететін боламыз», – деп атап өтті.
Қуаныш Файзоллаұлы 1991 жылы ШҚО, Ақсуат ауданы, Екпін ауылында дүниеге келген. 2009-2013 жж. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін тәмамады. 2013-2016 жж. аралығында Астана медресесінде, 2017-2020 жж. арасында Хасеки академиясында діни білім алды. 2016-2017 жж. Астана медресесінде тәрбиегі-ұстаз, 2020-2021 жж. арасында Павлодар облыстық Әбу Бәкір Сыддық медресе-колледжінде ұстаздық қызмет істеді. Ал, 2021 жылдан бері Семей қалалық Тыныбай мешітінің наиб имамы және Абай облысы бойынша Шариғат және пәтуа бөлімі мен Дін мен дәстүр бағытының жауапты маманы қызметтерін атқарып келе жатыр. Алдағы уақытта да діни қызметінің жемісті болуына тілектеспіз.