Аягөз ауданына қарасты Ақши ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылына орай, ауылда «Келіндер сайысы» өтті. Мешіт имамы Қайрат Ғаббасұлы және ауыл әкімі Айдар Сағидоллаұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, жүрек жарды лебіздерін білдіріп, сайысқа атсалысқандарға алғыс айтты.
Қазақтың ибалы келіндерінің жолын ұстанған төрт келіншек тамақ жасау өнері, жайма жаю, сиыр сауу, бесікке бөлеу, іс тігу т.б тапсырылған жарыстармен өз өнерлерін көрсетті.
Қатысушы көпшілік келіндердің өнерлеріне риза болып, қолдау көрсетті. Домбырамен күмбірлетіп, жыр төгіліп, мереке ажарын аша түсті. Алдағы уақытта да осындай дәстүрлі додалар ауылдарда жалғасын таппақ.
Пікір қалдыру