ҚОС МҰНАРАЛЫ МЕШІТ: ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АУЫЗАШАР

Семей қалалық Қосмұнаралы мешітінде Абай облыстық зағиптар мекемесінің Ораза ұстаған мүшелеріне ауызашар ұйымдастырылды. Ауызашар дастарқанында Қосмұнаралы мешіттің наиб имамы Серікбол Жұмабекұлы Ислам және дәстүр құңдылығы, оразаның пайдалары жайлы уағыз-насихат айтты.

Өз кезегінде зағиптар қауымдастығының басшысы мешіт ұжымына алғыс хат беріп, ауызашарға келген қонақтар да өз алғыстарын жеткізді.

Қайрымдылық айында қоғам мүшелерінің бір-біріне мейірімділігін оятатын осындай ізгі бастамалардың көп болуын тілейміз.