«РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАҒЫ 100 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕРІЛДІ

ҚМДБ Абай облыстық өкілдігіне қарасты «Зекет және қайырымдылық  қоры»  ұйымдастыруымен «Рамазан қоржыны» акциясы аясында тағы 100 отбасыға азық-түлік таратылды.

Жалпы «Рамазан қоржыны» акциясы еліміз бойынша жыл сайын ұйымдастырылады. Мұндағы мақсат көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған және асыраушысынан айырылған отбасыларға көмек қолын созу. Қоржындар жоғарыда аталған санатқа жататын отбасыларға беріледі. Оның ішінде ұн,қант, өсімдік майы, шай, макарон және тәттілер сияқты бірінші қажеттіліктегі тауарлар бар.

Қайырымдылық акциясына Абай облысы бойынша бас имам Асқар Мұқанов қатысып, тұрғындарға жылы лебізін білдірді. Көпбалалы аналар олар үшін әрбір көмек маңызды екенін айтып отыр. Осы ретте игі шараны ұйымдастырған «Зекет және қайырымдылық қорына» алғыстарын жеткізді.

Алдағы уақытта «Рамазан қоржыны» акциясы Семей қаласындағы және Абай облысына қарасты барлық мешіттерде жалғасын табады. Игі іске демеушілік жасаған азаматтарға алғысымыз зор.