Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жан-жақты қызметінің бірі мұсылман жұртшылығының адал аспен тамақтануына үлес қосу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ҚМДБ жанынан Халал стандарттау бөлімі жұмыс істеп келеді.
Жақында ғана Абай облысы бойынша Халал стандарттау бөліміне жауапты маман ретінде тағайындалған Ардақ Меллетұлының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы «One palau» тамақтану орталығы Халал стандарттарының талаптары бойынша тексерістен өтіп, Халал сертификатын иеленді.
Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Жұма уағызынан кейін мұсылман адамның өміріндегі адал астың маңыздылығына тоқтала келе, аталмыш сертификатты «One palau» орталығының басшысы Айтқұрман Әділханұлына жамағаттың алдында табыстап, жұмыстарының жемісті болуына тілектестігін білдірді.
Пікір қалдыру