Ораза ұстаудың тәртібі мен әдебі түсіндірілді

Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешітте Рамазан айының қарсаңында «Ораза ұстаудың тәртібі мен әдебі» атты дәрістер легі өтті. Дәрісті Әл-Әзһар Ислам университетінің түлегі, Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы Құттыбек Түменбай ұстаз жүргізді.
Бір аптаға жуық уақытқа созылған дәріс барысында Ораза ғибадатының анықтамасы, түрлері, оразаны бұзатын және бұзбайтын әрекеттер және оразаның әдептері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ, оразаның мақсаты мен рухани сырлары туралы баяндалды.