Бүгін ҚМДБ-ның Абай облысындағы өкілдігіне қарасты «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өтті. Биыл елімізде әз-Наурыз мейрамы да жаңа форматта тойланады. Яғни Наурызнаманың онкүндігіне арналған іс-шаралардың жоспары бар. Кезекті қайырымдылық акциясы да осы «Қайырымдылық,татулық және мейірім» тақырыбына арналды. «Зекет және қайырымдылық қорының» мамандары мен «Абай атындағы орталық мешітінің» қызметкерлері 30 бүлдіршінге «Рамазан сыйын» үлестірді. Ұйымдастырушылар балаларды Рамазан айының басталуымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Көктемнің мерекесімен тұспа-тұс келген қайырымдылық шарасы балалардың көңіліне шуақ, жүрегіне мейірім ұялатқаны сөзсіз.
Пікір қалдыру