Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешіт діни сауатын ашу курсын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осы бағытта мешітімізде ер адамдарға дәріс беруші екі ұстаз, әйел адамдарға Құран үйрететін бір ұстаз қызмет атқарып келеді. Дәріс уақыттары да шәкірттердің ыңғайына қарай әртүрлі уақыттарға қойылып отырады.
Осындай кезекті Құран курсы өз мәресіне жетіп, мешітіміздің ұстазы Данияр Жанболатұлының аптаның тек Сенбі-Жексенбі күндеріне ғана қойылған дәрісіне қатысқан шәкірттер Құран әліппесі мен Тәжуид ережелерін тәмамдады.
Данияр ұстаз шәкірттерге білімін куәландыратын арнаулы сертификат дайындап, ауызашар дастарқаны үстінде табыстады. Өз кезегінде жамағат та ұстазға разылығын білдіріп, келесі жалғастырушы топ курсында да өз білімдерін әрі қарай жетілдіріп, Құран сүрелерін жаттауға ниетті екендіктерін жеткізді.
Пікір қалдыру