АЯГӨЗ АУДАНЫ: «ДІНІМ ДӘУЛЕТІМ, ДӘСТҮР СӘУЛЕТІМ» АТТЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

Абай облысы, Аягөз ауданына қарасты Мәдениет ауылында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылына орай, «Дінім дәулетім, дәстүр сәулетім» атты ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Аудан көлемінде айтыс өнерінде бағын сынап жүрген жаңа буын ақындар арасындағы додалы сайыс тартысты өтті. Ауыл әкімшілігінен бас маман Әсет Қасиетұлы және ауыл имамы Алмас Қалиханұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі ниеттерін білдірді. Ақсақалды аталар ауылда өткен айтысқа алғыс білдіріп, ақжаулықты аналар шашу шашты.

Айтыс қорытындысы бойынша І – орын Аягөз қаласы ақыны Дәулетбек Алмас (100 000 теңге), ІІ – орын Айғыз ауылы ақыны Биахметов Айдын (60 000 теңге), ІІІ – орын Мәдениет ауылы ақыны Серікқали Жанаргүл (30 000 теңге) иеленді. Қалған ақындарға 8000 теңгеден ынталандыру сыйы ұсынылды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі