Абай облыстық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің жанынан ашылған ер балаларға арналған медресеге құжат қабылдау басталды. Бұл медресенің ерекшелігі тек студенттерді ғана қабылдауында. Медресе 4 қабаттан тұрады. Жоғарғы екі қабатында жатын бөлмелелері, жуынатын бөлме, дәретхана, кір жуатын бөлме барлығы қамтылған. Бірінші қабатта дәріс оқитын сыныптар мен медициналық бөлме, ал, астыңғы қабатта асханасы орналасқан.
Медресенің сыйымдылығы 100 балаға арналған. Медресеге қабылданған студенттер өздерінің негізгі оқу орындарындағы сабақтарынан бос уақытта медресе ұстаздары тарапынан бекітілген арнаулы бағдарлама негізінде қосымша діни, рухани және зайырлы білімдерді үйренетін болады. Медреседе тұру ақысы тегін, сондай-ақ, 3 уақыт тамақпен қамтамасыз етіледі. Мұндай мүмкіндік Семей қаласының кез-келген колледж және университет студенттеріне ұсынылып отыр. Ол үшін төменде көрсетілген құжаттарды тапсырып, қабылдау емтиханынан сүрінбей өтсеңіз болғаны.
Абай Құнанбайұлы мешіті жанындағы студенттерге арналған медресе-жатақханада тұру үшін қажетті құжаттар:
1. Абай Құнанбайұлы мешітінің бас имамы атына өтініш.
2. Өмірбаян
3. Мінездеме
4. Негізгі оқу орнынан студенттік анықтама
5. Жергілікті имамдардың берген ұсынысы.
6. Жеке куәліктің көшірмесі.
7. Орта білімі туралы аттестат көшірмесі
8. 086 үлгідегі дәрігерлік анықтама
9. 063 үлгідегі дәрігерлік анықтама
10. Психодиспансерден анықтама
11. Наркодиспансерден анықтама
12. Сотталмағандығы жөніндегі анықтама.
13. Көлемі 3х4 сурет (6 дана)
14. Конверт.
15. Құжаттарды тігуге арналған іс-парағы (скоросшиватель).
Құжат қабылдау 1 маусымнан басталып 10 тамызға дейін жалғасады. Қабылдау емтиханы – 15 тамыз. Қосымша мәліметтер үшін: +77471876865 Ералы ұстаз.
Пікір қалдыру