ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҚАРИ ӘЖЕ СЕМЕЙ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Ғасырға жуық ғұмыр жасаған қари әже Жұмагүл Мұратқызы Абай облысына келіп, өңіріміздің қасиетті жерлерін зиярат етті. Ізгі сапарында қари әжеміз Семей жамағатымен жүздесіп, жүрек жарды тілегі мен насихатын айтып, Құран Кәрім аяттарын оқып, батасын берді.

Өз кезегінде Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы Жұмагүл әжемізге алғысын айтып, Абай облысы бойынша Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Данагүл Төлегенқызы жамағат атынан сый табыстады. Әрі қарай қари әжеміз қаламыздың кең тарихынан сыр шертетін екі ғасырлық тарихы бар қасиетті Тыныбай мешітінде жамағатпен жүздесіп, батасын берді.

Еліміздің әр қызына осындай ғибратты ғұмыр, Домалақ ана, Айша бибілеріміздің, Жұмагұл қари сынды ақ жаулықты әжелеріміздің игі жолын тілейміз.