«ҚАЖЫНЫҢ РУХАНИ КЕЛБЕТІ» СЕМИНАРЫ

Абай облысы имамдарына «Қажының рухани келбеті» атты семинар өткізілді. Семинарды ҚМБД Қажылық бөлімінің Абай облысы бойынша жауапты өкілі, теорияны практикамен ұштастырып, бірнеше мәрте Үлкен қажылық және умра сапарларын ұйымдастырып жүрген білікті маман Рашид Мейимбекұлы жүргізді.

Семинар барысында имамдарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Қажының рухани келбеті» құжаты танысытырылып, сондай-ақ, Рашид Мейимбекұлы өзінің Қажылық және умра сапарлары кезіндегі тәжірибелерімен бөлісті.