БАС ИМАМ ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Үржар ауданына іс-сапармен барған Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы таяуда қолданысқа берілген “Халық” мешітінде жамағатпен жүздесті.

Мәуліт айымен құттықтап, пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен мысалдар келтірген Асқар Мұқанов Алла елшіне деген сағыныштың қандай болуы керек екеніне тоқталды. Сондай-ақ салауат айтудың артықшылықтарын жеткізді.