МӘУЛІТ СЫЙЫ БІЛІКТІ МАМАНҒА ТАБЫСТАЛДЫ

Семей қаласында өткен “Адалдықтың үлгісі – адамзаттың асылы” атты облыстық Мәуліт кешінде ҚМДБ Зекет қорының Абай облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен Семей қалалық Тыныбай мешітінің наиб имамы, білікті маман, әрі, көп балалы жанұяның отағасы Ардақ Миллетұлына 1 МИЛЛИОН ТГ көлеміндегі Мәуліт сыйы табысталды.

Игі іске үлес қосқан өңіріміздің барлық мешіт имамдарына алғыс білдіреміз.