Мешіттер – рухани орталық, әрі, қайырымдылық мекені болғандықтан, мұсылман қауымы жаны қиналғанда Алла үйінен рухани пана іздесе, бір мұқтаждығы туындағанда құлшылық ордаларынан көмек те сұрап келіп жатады. Осындай сәттерде мешіт имамдары жаны жаьыққан жандардың көңіліне медеу беріп, білген ақыл-кеңестерімен бөлісіп, қиналғанға қолынан келгенше қол ұшын созуға тырысады.
Осы ретте ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Абай облысы бойынша жауапты өкілі Рашид Жамалбекұлының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешітінде Мүмкіндігі шектеулі сәбилері бар 25 отбасыға қайырымдылық көмек пен қолдау көрсетіліп, күнделікті қажетті азық-түліктер қорабы таратылды. Алла сауаптан жазып, қам көңіл жандардың үміттері сөнбей, сәбилерінің дертіне шипа берсін деп тілейміз.
Пікір қалдыру