“ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ” жылы аясында Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте “Дін мен дәстүр І-ІІ том” кітаптары негізінде “МЫҢ БІР МАҚАЛ” атты интеллектуалды сайыс өтті. Білім сайысында Семей қаласы мешіті жамағаттары мен Абай Құнанбайұлы мешіті жанындағы Студенттер үйінің шәкірттері барлығы 18 адам бақ сынады.
Жарыс 3 кезеңнен құралды. Алғашқы кезең “Мақалды жалғастыр” деп аталды. Мұнда қатысушыларға мақал-мәтелдердің бастапқы бөлігі беріліп, жалғасын жазу тапсырылды.
“Кім тапқыр” деп аталған 2-кезеңде әр қатысушы кезек-кезегімен билет алып, белгіленген бір тақырып бойынша 1 минутта жатқа мақал айтып жарысты.
Әділқазылар шешімімен алғашқы екі кезең қорытындысы бойынша суырылып шыққан 6 қатысушы “Дін мен дәстүр” атты 3-кезеңде білімдерін паш етті. Бұл кезеңде Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері беріліп, осы хадистермен үндесетін мақал-мәтелдер жазу тапсырылды.
Жалпы жарыс қорытындысы бойынша төмендегі азаматтар жеңімпаз атанып, жүлделі сыйлықтарға ие болды:
Кәрібай Нұржігіт – 1-орын (50 мың тг);
Абылайхан Нұрланұлы – 2-орын (30 мың тг);
Әбілқайыр Жанат – 3-орын (20 мың тг).
Пікір қалдыру