Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Семей қаласы Жоламан ақмешітінде болып, мешітке жасалған бірқатар жөндеу жұмыстарымен танысты.
Жоламан мешітінің имамы Ербол Рахметоллаұлы жанашыр жамағаттар мен аудан халқының қолдауымен мешіттің кілемдері ауыстырылып, жаңа кілемдер төселгенін, сондай-ақ, 4 млн тг қаражатқа мешіт пен дәретханасына газбен жылыту қондырғысы орнатылғанын баяндады.
Сондай-ақ, келесі жылы мешіттің сыртқы бөлігіне жөндеу жұмыстарын жоспарлап отырғанын жеткізді.
Асқар Әбітайұлы өз тарапынан бірқатар ұсыныстары мен мешітке қызметке наиб имам, ұстаз тарту мәселесінің өзектілігін айтты.
Пікір қалдыру