Семейде тегін көлік акциясы ұйымдастырылды (фото)

Бірнеше күннен бері қатты аяз Семей қаласының тұрғындарының жүріс-тұрысына аса қиындық келтіріп тұр. Осыған байланысты ҚМДБ Семей  аймағы өкілдігі қала тұрғындарын  тасымалдайтын «Тегін көлік » акциясы өтуде.

«Қатты аяздың салдарынан  Семей қаласындағы қоғамдық көліктердің жүрісі қиындап, қала тұрғындарының жұмысқа келіп – кетуіне айтарлықтай қиындықтар туындап отыр. Мешіт дін қызметкерлері аялдамада тұрған және қол көтеріп тоқтатқан жүргіншілердің барлығын қажетті  жерлеріне жеткізіп салуда.

Сонымен қатар, үскірік аяз күндері мешіт жағдайы төмен отбасыларға тас көмірмен, қамтамасыз етті.

Қазіргі таңда Семей «Қос мұнаралы» орталық мешіті және қалалық мешіттердің имамдарымен қызметкерлерінен құралған 10-нан астам көлік қала тұрғындарына, тегін қызмет көрсетуде.

Қала халқы көңілге жылылық ұялатып, адамдарды ізгілікке жетелейтін игілікті шара жасағаны үшін ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіруде.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.