БИ-ШЕШЕНДЕР, ЖЫР-ЖЫРАУЛАР СӨЗДЕРІ – ХАЛЫҚТЫҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

Аягөз қалалық мешітінде дәріс алушы шәкірттер арасында «Би-шешендер, жыр-жыраулар сөздері – халықтың тәлім-тәрбие құралы” атты топтық сайыс өтті.  «Төле би», «Қазбек би» және «Әйтеке би» деген үш топқа бөлінген шәкірттер билердің өмір тарихы, қалдырған ізгі сөздері мен ел арасында атқарган игілікті істерін айтып, өз топтарының мүддесін қорғады.

Аягөз ауданының бас имамы Нұржан Медеуханұлы шәкірттердің дайындықтарына алғыс білдіріп, бабалар жолы ұрпаққа аманат, сол сара жолды жалғау, аталар бастаған мұраны кейнгі буынға жеткізу міндет екендігін баяндады.

Әр топка балдық баға беріліп, қосымша сұрактар қойылды. Алға суырылып шыққан «Қазыбек би» тобы I орынды иеленіп, «Әйтеке би» тобы ІІ орын, «Төле би» тобы III орынға ие болды. Сайыс соңында шәкірттерге тәттілер таратылып, сый-сияпат жасалды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі