СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС

Абай Құнанбайұлы мешіті жанындағы Студенттер үйі шәкірттері арасында интеллектуалдық білім сайысы болып өтті. Сайыс 5-кезеңнен тұрды. Қатысушылар бірінші турда тест сұрақтарына жауап берсе, екінші турда сөзжұмбақ шешті. Үшінші тур Медиа деп аталып, сурет және аудио түріндегі сауалдарға жауап берді. 4-ші тур “Тақырып қандай?”, ал, бесінші тур “Логикаңды қос” деп аталды. Бұл кезеңде студенттер логикалық сұрақтарға жауап берді.

Жалпы алғанда бұл сайыста білім-ғылым, мәдениет, тарих, әдебиет, салт-дәстүр, логикаға қатысты әртүрлі сұрақтар қамтылды. Жүзден жүйрік шығып жеңімпаз атанған шәкірттерге Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы атынан Алғыс хаттар мен құнды сыйлықтар табысталды.

Алдағыт уақытта да студенттердің тұлғалық дамуына қажетті түрлі білім, спорт сайыстарын өткізу жоспарлануда.