Желтоқсан айының 26 жұлдызында елордамыз Астана қаласында өткен Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасы ұсынылды. Құрылтайға жиналған 300-ге жуық делегат осы кандидатураға бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына қайта сайлады.
Осыған орай Абай облысының әкімі Ұранхаев Нұрлан Тельманұлы ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфти лауазымына екінші рет сайлануымен құттықтау хатын жолдап, еңбегіне жеміс, деніне саулық тіледі. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2024 жылдың тамыз айындағы Абай облысына іс-сапары барысында Абай облысының әкімі Нұрлан Тельманұлымен арнайы кездесіп, бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасқан еді.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайына Абай облысының имамдарынан 15 делегат қатысып, Бас мүфтидің сайлануына өз дауыстарын берді.
Пікір қалдыру