ЖАРМА АУДАНЫНА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы Жарма ауданына арнайы барған іс-сапарында аудандық мешітте Жұма намазын өткізіп, аудан халқына Жарма ауданына жаңа тағайындалған Бірлікұлы Сұңқар имамды таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді. Жұма намазға жиналған жамағатқа “ҚҰРАННЫ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ” тақырыбында уағыз айтып, жаңа имамның қызметіне сәттілік тілеп дұға жасады.

Сұңқар Бірлікұлы – Астана медресе-колледжінің түлегі, білікті жас маман. Бұған дейін Қарағанды облысы, Саран ауданында, Семей қалалық Хакім Хазрет мешіттерінде наиб имамдық қызметін абыроймен атқарған.

Абай облысының тумасы. Үйленген, отбасылы.