АБАЙ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫНА “ПӘТУА” СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Абай облыстық Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінде қала мешіттері мен аудандық мешіттердің бас имамдарына Абай обылысы бойынша Шариғат және пәтуа боліміне жаңадан тағайындалған Құттыбек Түменбай арнайы семинар өткізді. Семинар барысында имамдарға 2025 жылға арналған жылдық жоспар мен халық тарапынан қойылатын діни сұрақтарға жауап беру ережелерін және Шариғат және пәтуа бөлімінің айлық есеп үлгісін таныстырды.

Сонымен қатар, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде жаңадан қабылданған пәтуаларды түсіндіріп, қазіргі таңда халық арасында кең тарай бастаған қонақ неке және лағнет намазы туралы да егжей-тегжейлі баяндап өтті.