АБАЙ ОБЛЫСЫ: ПӘТУА БӨЛІМІНЕ ЖАУАПТЫ МАМАН ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Абай облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөліміне жауапты маман ретінде әйгілі Әл-Азһар университетінің және оған қарасты Пәтуа беру орталығының түлегі, Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы Құттыбек Түменбай ұстаз бекітілді.

Шариғат және пәтуа бөліміне жауапты маман халық тарапынан қойылған қандай да бір діни сұрақтар мен күрделі мәселелерге,  отбасылық (ажырасу, талақ т.б.) сұрақтарға, сондай-ақ, арнаулы бекітілген әлеуметтік желідегі топтарға келген сауалдарға жауап береді. Ай сайын белгілі бір сауалдарға жауап беретін мақалалар және арнаулы сұрақ-жауап видеороликтерін әзірлейді. Мешіт жамағаттарына пәтуа сағаттарын өткізіп, қойған сауалдарына көзбе-көз жауап береді. Сондай-ақ, діни қызметкерлер мен имам-ұстаздарға ҚМДБ Ғұламалар кеңесі тарапынан әзірленген пәтуаларды түсіндіру семинарларын жүргізеді.

Жауапты маманның алдағы қызметіне сәттілік тілеп, Алла жар болсын дейміз!